About







Қызылорда облысының инвестициялық ахуалы

Қызылорда облысы - өз тарихын ғасырлар қойнауынан алатын, ежелгі аңыздар мен дәстүрлерге бай өлке. Сыр елі - ежелгі дәстүрлерді, ата-бабалар мұрасын мәңгі өшпес жадына сақтаған түркі әлемінің жүрегі. Мұнда батыл идеялар батыл қадамдарға айналады, сондықтан да, адамзат ғарышқа алғаш рет біздің Байқоңырдан аяқ басты. Бүгінгі таңда Қызылорда дамудың жаңа сатысына көтерілді. Қазіргі таңда Қызылорда облысы республикадағы экономикасы, өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы, ғылымымен мәдениеті қарқынды дамып, жанданып келе жатқан аймақтардың бірі. Қызылорда - ондаған өнеркәсіптік кәсіпорындар және инвестиция салу үшін кең мүмкіндіктер алаңы. . . .

Әрі қарай оқу 
 →

Хабарландыру!

Кәсіпкерлер назарына !!! «Инвестициялық келісім шартты жасасу» мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес, өтініштерді қабылдау және көрсету «электрондық үкімет» веб-порталы www.egov.kz және «Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы» арқылы жүзеге асырылады. . . .

Әрі қарай оқу 
 →

ИНВЕСТОР ТАРТУ ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ АХУАЛДЫ ЖАҚСАРТУ ЖӨНІНДЕГІ ӨҢІРЛІК КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

2019 жылы игерілген 400 млрд.теңгенің 88,6 млрд.теңгесі (22,1%) республикалық бюджеттен қаржыландырылды. Атап айтқанда «Ақсуат», «Сексеуіл» газ компрессорлық станциялары және «Сарыарқа» газ құбыры секілді бір реттік ірі жобаларға республикалық бюджеттен қаржы бөлініп, жұмысын бастады. Қалған 311,4 млрд.теңге облыстың өз күшімен тартқан қаражаты болып табылады. . . .

Әрі қарай оқу 
 →

ПАРЛАМЕНТ СЕНАТЫНДА АЛҒАШ РЕТ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ КҮНІ ӨТТІ

Соңғы 5 жыл ішінде өңір экономикасына 1,5 трлн. теңге инвестиция тартылды, 3 млн. шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді, өңдеу өнеркәсібінде 600 млрд. теңгенің, ал, ауыл шаруашылығында 500 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. Құрылыс саласында 500 млрд. теңгенің . . .

Әрі қарай оқу 
 →

КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҚТАРЫ ТЕГІН КЕҢЕС БЕРЕДІ

Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы облыс тұрғындары үшін ақпараттық қызметті ұсынады. Кәсіпкерлерді ақпараттық қамту қызметі бастауыш және әрекет етушікәсіпкерлерге, сонымен қатар кәсіпкерлік бастамасы бар тұрғындарға облыстың барлық аудандарында орналасқан Кәсіпкерлерді қолдау орталықтарында көрсетіледі. . . .

Әрі қарай оқу 
 →

АРАЛДА «КӨКАРАЛ» БАЛЫҚ КОНСЕРВІЛЕУ ЦЕХЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Арал ауданының әкімі Мұхтар Оразбаев Ақбасты елді мекеніндегі сапары барысында жаңадан іске қосылған «Көкарал» балық консервілеу цехының жұмысымен танысты. Халыққа сапалы балық консервілерін ұсынуды мақсат етіп, шалғай ауылдан осындай тың бастама көтерген кәсіп иесіне аудан басшысы ризашылығын білдіріп, табыс тіледі. . . .

Әрі қарай оқу 
 →

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДАҒЫ ӘЛСЕЙІТ КӨПІРІ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Облыс әкімі Қ.Ысқақов Қазалы ауданындағы Әлсейіт көпірінің ашылуына қатысты. Әлсейіт учаскесінде Сырдария өзені арқылы өтетін темір-бетон көпірі 2 жолақтан тұрады. Жалпы ұзындығы 219 ал, ені 12 метр. Көпірдің екі жағынан жаяу жүргіншілер жолы қарастырылған. . . .

Әрі қарай оқу 
 →

ШИЕЛІДЕ КӘСІПКЕРЛІК САЛАСЫНЫҢ АЯСЫ КЕҢЕЙДІ

Биыл ауданда шағын және орта кәсіпкерлікке тіркелген субьектінің саны 4655-ке жетіп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 103,5 пайызға артқан. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз конференциясында Шиелі ауданының әкімі Әшім Оразбекұлы мәлімдеді. . . .

Әрі қарай оқу 
 →

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА КҮН ЭЛЕКТР СТАНЦИЯСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Облыс әкімі Қ.Ысқақов Тәуелсіздік күні қарсаңында баламалы негіздегі сағатына 50 мВт дейін күн энергиясынан қуат алатын «Байқоңыр Солар» электр станциясының ашылуына қатысты. Күн электр станциясы – экологиялық тұрғыда таза, дыбыссыз, қауіпсіз әрі пайдалануға ыңғайлы, және өз құнын жүз пайыз ақтайтын тиімді қондырғы. Оның басты артықшылығы – алынатын энергия көзінің қалыпқа келе алатындығында және белгілі бір шектеулі ресурсқа тәуелді емес. Шиелі ауданындағы аталмыш жобаның құны 23 млрд.теңге. Нысанның жалпы ауданы – 150 гектар. . . .

Әрі қарай оқу 
 →

ҚЫЗЫЛОРДАДА 2020 ЖЫЛЫ ШЫНЫ ЗАУЫТЫ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

Қызылорда облысында қуаты жылына 197,1 мың тонна шыны өндіретін зауыт 2020 жылдың шілде айында іске қосылады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында «Orda Glass Ltd . . .

Әрі қарай оқу 
 →

Қ.ЫСҚАҚОВ: ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ КЕҢЕС – БИЗНЕС ПЕН МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАР АРАСЫНДАҒЫ ІСКЕРЛІК АЛАҢҒА АЙНАЛДЫ

Облыс әкімі Қ.Ысқақовтың төрағалығымен «Қызылорда облысына инвесторлар тарту және инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі» өңірлік Кеңес отырысы өтті. Оған банк жүйесінің директорлары мен ірі және шағын кәсіп иелері қатысты. Күн тәртібіне «Казах Кэмел» («Qazaq Camel») серіктестігінің «Түйе сүтінен құрғақ ұнтақ өндіру» жобасы мен «АБК Промсервис» («ABK Promservice») серіктестігінің «Қызылорда қаласында шыны-пластикалық желілік және сорғы-компрессорлық жоғары қысымды құбырларды өндіру зауытының құрылысы» жобасы ұсынылды. Өңірлік Кеңестің басты мақсаты – инвестициялық жобалардың шешілмеген мәселелерін қарап, тиімді шешім қабылдау. Биыл Кеңестің 3 отырысы өткізіліп,4 инвестициялық жоба: «Байқоңыр» еркін экономикалық аймағын құру және инвестиция тарту мен инвесторларды сүйемелдеуге жауапты ұйым, «Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының» мәселелері қаралған. Нәтижесінде Жалағаш («Номад Солар» ЖШС) және Шиелі аудандарында («Байқоңыр Солар» ЖШС) күн электр станцияларының құрылыстары басталып, желтоқсан айында іске қосылуы жоспарлануда. Сонымен қатар, Қармақшы ауданындағы құс фабрикасына («Қармақшы құс» ЖШС) электр желілерін жүргізу үшін мемлекеттік бюджеттен 245,1 млн.теңге бөлінген. Ал, «Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» инвесторларды сүйемелдеуге жауапты фронт-офис болып бекітілген. . . .

Әрі қарай оқу 
 →

XI «BAIKONYR INVEST» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ФОРУМЫ

2019 жылғы 30 қараша - 1 желтоқсан аралығында Қызылорда қаласында «Қызылорда: тұрақты өрлеу, инвестициялық ынтымақтастық үшін жаңа мүмкіндіктер» тақырыбында XI Халықаралық «Baikonyr Invest» инвестициялық форумы өткізілді. «Baikonyr Invest» - жыл сайын 300-ден аса шетелдік және отандық бизнес көшбасшыларын, инвестициялық компаниялардың жетекшілерін, ғылыми-зерттеу орталықтарының өкілдері мен экономиканың әр түрлі саласындағы сарапшыларын жинайтын ауқымды пікірталас алаңы. . . .

Әрі қарай оқу 
 →

ҚЫЗЫЛОРДАДА «FLY ARYSTAN» ӘУЕ КОМПАНИЯСЫНЫҢ ТҰРАҚТЫ РЕЙСІ АШЫЛДЫ

«Fly Arystan» әуе компаниясы 2020 жылдан бастап «Алматы–Қызылорда-Алматы», «Нұр-Сұлтан-Қызылорда-Нұр-Сұлтан» бағытында тұрақты рейсін енгізді. Билет құны 5 999 теңгеден басталады. Бұл туралы облыстық жолаушылар көлігі басқармасы хабарлады. . . .

Әрі қарай оқу 
 →

ҚЫЗЫЛОРДАДА КӘСІПКЕРЛЕР САНЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

Қызылорда облысында шағын және орта бизнеспен айналысатын кәсіпкерлердің саны 1393-ке көбейді. Жыл басында тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субьектілерінің ішінде жұмыс істеп жүргендерінің үлесі 86,32 пайызға ұлғайды. . . .

Әрі қарай оқу 
 →

Қ.ЫСҚАҚОВ: МЕРЗІМІНДЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛМАҒАН ИНДУСТРИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫҢ ЖЕРЛЕРІ МЕМЛЕКЕТ МЕНШІГІНЕ ҚАЙТАРЫЛАДЫ

Қармақшы ауданында бағдарламаның бірінші бесжылдығында «Қорқыт ата зиярат ету орталығы» жобасы жүзеге асқан. Аталмыш жоба 2013 жылы пайдалануға берілген. Орталықтың жылына 1500 туристті қабылдауға мүмкіндігі бар. Ал, индустрияландыру бағдарламасының екінші бесжылдығы аясында «Қуаттылығы жылына 1500 тонна құс етін өндіретін құс фабрикасын ашу» жобасы іске асырылуда. . . .

Әрі қарай оқу 
 →

Қ.ЫСҚАҚОВ: "БАЙҚОҢЫР" ОЙЫН-САУЫҚ ТУРИСТІК АЙМАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТУРИСТІК КАРТАСЫНЫҢ ТОП-10 ҚАТАРЫНА ЕНІП ОТЫР

Қуанышбек Ысқақов форумның ашылуына қатысты. «Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық форумы жыл сайын 2013 жылдан бері өткізіліп келеді. Биылғы іс-шараға әлемнің 25-тен астам елінен 650 қатысушы —Премьер-Министр А. Мамин ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің басшылары, ҚР Парламентнің Мәжіліс және Сенат депутаттары, Қазақстан Республикасының ғарышкерлері, шетелдік мемлекеттердің елшіліктерінің өкілдері, «Роскосмос», «Airbus Defence and Space» корпорацияларының өкілдері, отандық және шетелдік ұйымдар: «М. В. Хруничев атындағы МҒҒӨО», «М.Ф. Решетнев атындағы АЖЖ» АҚ, «Транстелеком», «One Web», «Thales Alenia Space», SES, «Leica Geosystems, Satrec Initiative», «Eutelsat» және басқалары қатысты. . . .

Әрі қарай оқу 
 →

ҚЫЗЫЛОРДАДА 756 «БАСТАУЛЫҚ» ӨЗ КӘСІБІН БАСТАДЫ

Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесінде аймақта «Бастау» және «Жас кәсіпкер» жобаларының жүзеге асырылу барысы қаралды. Отырыста Палатаның Кәсіпкерлерді қаржылай емес қолдау бөлімінің бастығы Фархад Әбжаппаров пен аудандық филиал директорлары аталмыш жобалардың Қызылорда қаласы мен аудандарда орындалуына жеке-жеке тоқталып өтті. . . .

Әрі қарай оқу 
 →

ҚУАНЫШБЕК ЫСҚАҚОВ: "NEET САНАТЫНДАҒЫ ЖАСТАРДЫ БАҚЫЛАУҒА АЛУ ҚАЖЕТ"

«Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Қ.Д. Ысқақовтың төрағалығымен Саяси кеңес Бюросының кеңейтілген отырысы өтті. Онда кәмелетке толмағандарға қарсы жасалған қылмыстар және оның алдын алу бойынша атқарылған жұмыстар мен жастар арасындағы жұмыссыздық, орта арнаулы оқу орындарында білім алу мәселелері туралыда да айтылды. . . .

Әрі қарай оқу 
 →

ӨҢІРЛІК ҮЙЛЕСТІРУ КЕҢЕСІНІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

А.ж. 31 қазанда облыс әкімінің орынбасары М. Имандосовтың төрағалығымен жобаларды индустрияландыру картасына және өңірлік кәсіпкерлігін қолдау карталарына енгізу жөніндегі өңірлік үйлестіру Кеңесінің кезекті отырысы өтті. Отырыс барысында жаңа 2 жоба:«Шаған» шаруа қожалығының «Қуаттылығы жылына 630 тонна күріш ақтау цехының құрылысы» және «Mining Consult Co» ЖШС «Қызылорда облысында полиметалл кендерін өндіру және қайта өңдеу жөніндегі тау-кен байыту комбинаты» жобалары өңірлік кәсіпкерлікті қолдау картасына енгізу мақсатында таныстырылды. . . .

Әрі қарай оқу 
 →

ОБЛЫСТЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНДА ОҢ ТЕНДЕНЦИЯ САҚТАЛДЫ

Облыс әкімі Қ.Ысқақов депутаттық фракцияда облыс әкімінің орынбасарлары өздерінің жетекшілік ететін салалары бойынша әрбір көрсеткіштерге мән беріп, орындалмаған көрсеткіштер бойынша шешу тетіктерін тауып, сол бағытта жұмыстар жүргізу қажет деп тапсырма берді. . . .

Әрі қарай оқу 
 →

ҚЫЗЫЛОРДАДАҒЫ 3 ТУРИСТІК НЫСАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КАРТАҒА ЕНДІ

ҚЫЗЫЛОРДАДАҒЫ 3 ТУРИСТІК НЫСАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КАРТАҒА ЕНДІ Республикалық туристендіру картасына Қызылордадан 3 туристік нысан енгізілді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыс әкімінің орынбасары Мұрат Имандосов мәлімдеді. . . .

Әрі қарай оқу 
 →

ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ М. С. ИМАНДОСОВТЫҢ БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ АРНАЛҒАН БАСПАСӨЗ-КОНФЕРЕНЦИЯСЫ БОЛЫП ӨТТІ.

Ағымдағы жылдың 24 қазанында облыс әкімінің орынбасары М. С. Имандосовтың БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз-конференциясы болып өтті. Брифинг барысында облыс әкімінің орынбасары Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы шикізаттық емес секторды дамыту, тікелей инвестиция тарту, кәсіпкерлік және туризм салаларын қолдау шаралары бойынша міндеттерге тоқталды. . . .

Әрі қарай оқу 
 →

ҚЫЗЫЛОРДАДА ЦИФРЛЫ ТЕХНОЛОГИЯМЕН БАСҚАРЫЛАТЫН КҮРІШ ЗАУЫТЫ АШЫЛДЫ

Облыс әкімі Қ Ысқақов «Мағжан и К» ЖШС күріш ақтау зауытының салтанатты ашылуына қатысты. Зауыт сағатына 5 тонна күрішті өндеуге қуатты. Компания 2005 жылы құрылған. 2009 жылға дейін тек күріш өсірумен айналысып, кейін күріштің элита тұқымын өндіруді жолға қойған. Компанияның егіс көлемі 2005 жылы - 600 гектар болса, 2008 жылы – 5300 гектарға жеткен. Жаңа кәсіпорында қуаттылығы сағатына 5 тонна күріш өндей алатын Оңтүстік Кореяның «DAEWON GSI» күріш өндірудегі цифрлы технологиясы пайдаланылады. Зауыт жаңа технологияның арқасында бір орталықтан автоматтандырылған жүйе арқылы басқарылады. . . .

Әрі қарай оқу 
 →

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ: ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНЫ МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУДА КӨШ БАСТАП ТҰР

Жаңақорған ауданындағы 957 шаруашылық құрылымдарының 203-і күріш өсірумен айналысады. 7739 гектар күріш алқабының әр гектарынан 58,0 центнерден өнім алып, 44,8 мың тонна астық қамбаға құйылды. Ал, мал азығын дайындау жұмыстары бойынша ауданда 88,0 мың тонна жоңышқа, 64,0 мың тонна табиғи шөп жиналды. . . .

Әрі қарай оқу 
 →

«КӘСІПКЕРЛІК НЕГІЗДЕРІ» КУРСЫНА ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР БЕЛСЕНДІ ҚАТЫСУДА

«Атамекен» ҰКП мен Білім және ғылым министрлігі осы жылдың қыркүйек-желтоқсан айлары аралығында 50 мыңға жуық студентті кәсіпкерлік негіздеріне оқытуды жоспарлап отыр.Ол үшін Кәсіпкерлер палатасы тамыз айында арнайы мамандар үшін оқыту курстарын өткізіп, біліктілігін жетілдірді. Бүгінде аймақтың колледждерінде өтіп жатқан «Кәсіпкерлік негіздері» курсында жергілікті табысты кәсіпкерлер белсенді қатысып, тәжірибелерімен бөлісіп жатыр. . . .

Әрі қарай оқу 
 →

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ЕАЭО ЕЛДЕРІМЕН ӨЗАРА ТАУАРЛАР САУДАСЫНЫҢ КӨЛЕМІ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

2019 жылдың қаңтар-тамызында Қызылорда облысының Еуразиялық арнайы экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен өзара саудасы 69411,5 мың АҚШ долларын құрады. Бұл көрсеткіш 2018 жылдың қаңтар-тамызымен салыстырғанда 1,3%-ға көп, деп хабарлайды облыстық статистика департаменті. . . .

Әрі қарай оқу 
 →

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ БЮДЖЕТІ НАҚТЫЛАНДЫ

Бүгін облыс әкімі Қ.Ысқақовтың қатысуымен облыстық мәслихаттың 37 сессиясы өтті. . . .

Әрі қарай оқу 
 →

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДАҒЫ КҮНКӨРІСТІҢ ЕҢ ТӨМЕНГІ ДЕҢГЕЙІ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

19 жылғы қыркүйекте күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 28 763 теңгені құрады, деп хабарлайды облыстық статистика басқармасы. . . .

Әрі қарай оқу 
 →

ҚЫЗЫЛОРДАДА БИЫЛ ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ АРТТЫ

Биылғы жылдың алғашқы жартыжылдығында негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 180235 млн теңгені құрады. Аталған көрсеткіш өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2 есеге артық. Биыл қаңтар-маусым аралығында шаруашылық жүргізуші субъектілердің меншікті қаражаттары инвестициялардың басым көздері болып қалуда, олардың көлемі 153 090 млн теңгені құрады. . . .

Әрі қарай оқу 
 →

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ШИЕЛІ АУДАНЫНДА КҮН ЭЛЕКТР СТАНЦИЯНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

Облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов Шиелі ауданына жұмыс сапары барысында бірнеше елдімекеннің әлеуметтік және өнеркәсіптік нысандарының жұмысымен танысып, аудан тұрғындарымен кездесті, сондай-ақ "Байқоңыр Солар" ЖШС электр станциясы құрылысының іргетасын қалау рәсіміне қатысты. Алдымен аймақ басшысы Шиелі ауданының Сұлутөбе ауылдық округінде күніне 50 мВт күн электр қуатын өндіретін станцияның іргетасын қалау рәсіміне қатысты. Аталмыш станция көрші аудандар мен облыс орталығын электр қуатымен қамтамасыз етеді, сондай-ақ ауадағы көмірқышқыл газының жылдық шығарылуын 75 мың тоннаға азайтып, инвестиция тартуға мүмкіндік береді. «Мемлекеттік қолдау арқылы жүзеге асырылып жатқан жобаға біз де көмек беріп, әрі қарай ауқымын кеңейтуге, дамытуға дайынбыз. Алдағы уақытта әлеуметтік көмек есебінде күн электр станциясы жақын орналасқан елдімекен тұрғындарына жеңілдіктер көрсетілу жағын қарастырған жөн»,-деді Қ.Ысқақов. . . .

Әрі қарай оқу 
 →

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ЕЛІМІЗДЕГІ ҚАРҚЫНДЫ ДАМЫП КЕЛЕ ЖАТҚАН ҮЗДІК БЕС ӨҢІРДІҢ ҚАТАРЫНДА

Соңғы 6 жылда мұнай мен газ өндіру көлемінің төмендеуіне қарамастан, Қызылорда облысы ағымдағы жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша республиканың қарқынды дамып келе жатқан өңірлерінің үздік бестігіне кіреді: өңдеу өнеркәсібінің даму қарқыны, экономикаға инвестиция тарту көлемі, құрылыс жұмыстарының көлемі және тұрғын үйді пайдалануға беру бойынша аймақтың өсу көрсеткіштері республикада орташа көрсеткіштерден жоғары. . . .

Әрі қарай оқу 
 →

Поездка на космодром Байконур

Космодром Байконур называют первой космической гаванью нашей планеты. Он стал символом космической эпохи и новой эры в истории Земли. Именно здесь началось знакомство человека с космосом. Поэтому, "Байконур" по праву можно назвать визитной карточкой Казахстана и одним из главных туристических мест страны, ведь прикоснуться к истории и увидеть воочию запуск ракеты захочет каждый. Однако сейчас попасть сюда простому человеку достаточно сложно. . . .

Әрі қарай оқу 
 →

Крымбек Кушербаев: «98 процентов населения нашей области - это казахи. Но мы не закрываемся»

Мое знакомство с акимом Кызылординской области Крымбеком Кушербаевым произошло достаточно поздно вечером - шел девятый час. В этот день в Кызылорде проходил X международный инвестиционный форум Baikonyr Invest, поэтому вся администрация области была, как говорится, в цейтноте. Сам аким проводил встречу за встречей, и его время было расписано буквально по минутам. . . .

Әрі қарай оқу 
 →

В КЫЗЫЛОРДИНСКОЙ ОБЛАСТИ ЗАРАБОТАЛ ЗАВОД ПО ПРОИЗВОДСТВУ ТАМПОНАЖНОГО ЦЕМЕНТА

В ходе Общенационального телемоста "Вторая пятилетка индустриализации. Сделано в Казахстане" с участием Главы государства состоялась церемония запуска цементного завода мощностью 1 млн. тонн в год, а также дан старт строительству магистрального газопровода «Сарыарка» с газокомпрессорной станции «Караозек». . . .

Әрі қарай оқу 
 →

Кушербаев: Наша область - лидер по солнечной активности

В Кызылорде прошел Х инвестфорум «Baikonyr Invest» на тему «Зеленая» экономика как новый курс развития региона», информирует NUR.KZ со ссылкой на сообщение областного акимата. . . .

Әрі қарай оқу 
 →

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ТАМПОНАЖДЫ ЦЕМЕНТ ШЫҒАРАТЫН ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Мемлекет басшысының қатысуымен өткен «Индустрияландырудың екінші бесжылдығы. Қазақстанда жасалған» жалпыұлттық телекөпір барысында қуаттылығы жылына 1 млн.тонна болатын цемент зауытын іске қосу және "Қараөзек" станциясынан "Сарыарқа"магистральды газ құбырының құрылысын бастау рәсімі өтті. . . .

Әрі қарай оқу 
 →

Қызылорда облысында керамика зауыты салынады

Baikonyr Invest X халықаралық форумы аясында Түрік әріптестермен керамикалық тақта шығаратын зауыт салу туралы келісімге қол қойылды, деп хабарлайды облыстық ішкі саясат басқармасы. Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Евгений Ким және «Rino Asia» ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы Догу Гокхан Эфе керамикалық тақта өндіретін зауыт құрылысы бойынша инвестициялық жобаны жүзеге асыру туралы келісімге қол қойды. . . .

Әрі қарай оқу 
 →

Қызылорда облысында 4 күн электр станциясы салынады

Қызылорда қаласында және Жаңақорған ауданында күн электр станциясы «HydroEnergy» АҚ (Болгария) компаниясымен, Жалағаш ауданында - француздық «Total Eren» және Шиелі ауданында «Samruk Kazyna – United Green» және «Авелар Солар Технолоджи» ЖШҚ (Ресей) компанияларымен бірлесіп салынатын болады. . . .

Әрі қарай оқу 
 →

Қызылордада «Baikonyr invest» форумы өтті

Қызылорда облысында соңғы бес жылда оныншы мәрте өткізілген «Baikonyr invest» инвестициялық форумы бұл жолы «жасыл» экономика тақырыбына арналды, деп хабарлайды. . . .

Әрі қарай оқу 
 →

Қызылордада «Baikonyr Invest» форумы аясында Кәсіпкерлер палатасы Меморандумға қол қойды

Қызылордада өтіп жатқан «Baikonyr Invest» Х Халықаралық инвестициялық форумы аясында Кәсіпкерлер палатасы директорының экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары Қожахмет Ілиясов пен Қазақстандағы қытайлық кәсіпкерлер одағының Бас хатшысы Ху Хайсинь Өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды. . . .

Әрі қарай оқу 
 →

Форум тақырыбы - "Жасыл" экономика - өңір дамуының жаңа бағыты"

Форум жұмысына 14 елдің өкілдері - халықаралық және отандық бизнес-құрылымдардың, қаржы институттарының, корпорациялар мен ғылыми-зерттеу институттарының басшылары, сондай-ақ Қытай, Оңтүстік Корея, АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Швейцария және басқа да елдердің делегациялары қатысты. . . .

Әрі қарай оқу 
 →

Участники инвестиционного форума увидят пуск ракеты с "Байконура"

Бизнес-лидеры разных стран и руководители инвестиционных компаний встретятся в Кызылорде 3-4 декабря. АСТАНА, 26 ноя — Sputnik. Международный инвестиционный форум Baikonyr Invest пройдет в юбилейный десятый раз в Кызылорде.

. . .

Әрі қарай оқу 
 →

ҚЫЗЫЛОРДАДА «BAIKONYR INVEST» Х ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ФОРУМЫ ӨТЕДІ

Іс-шара 3-4 желтоқсан аралығында өтеді. Форумның тақырыбы: "Жасыл" экономика-өңірді дамытудың жаңа бағыты". Биылғы форумның негізгі тақырыбы жаңа технологиялар мен "жасыл кластерлерді" енгізу және өңірдің табиғи әлеуетін жаңартылатын энергетика, ауыл шаруашылығы, су ресурстарын басқару, қалдықтарды пайдаға асыру . . .

Әрі қарай оқу 
 →

Арал өңірінің экологиялық жағдайын жақсарту және Арал теңізінің құрғаған түбіндегі орманмелиорациялық жұмыстар туралы

2018 жылғы 5 қарашада Қызылорда облысының әкімдігінде ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті мен Корея Республикасының орман шаруашылығы қызметі . . .

Әрі қарай оқу 
 →

"Шалқия" қорғасын-мырыш кен орнында тау-кен байыту комбинатын салу жобасы Индустрияландыру картасының екінші бесжылдығы аясында іске асырылуда

"Шалқия" қорғасын-мырыш кен орнында тау-кен байыту комбинатын салу жобасы Индустрияландыру картасының екінші бесжылдығы аясында іске асырылуда. Толық іске қосылғаннан кейін кәсіпорында жылына 4 млн. тоннаға дейін кен өндірілетін болады. . . .

Әрі қарай оқу 
 →

Ағымдағы жылдың қазан айында «HydroenergyCompanyJSC» Болгар компаниясы өкілдерінің іссапары болды

Ағымдағы жылдың қазан айында «HydroenergyCompanyJSC» Болгар компаниясы өкілдерінің іссапары болды. Компания жаңартылатын энергия көздерін алынатын электр станцияларын салумен айналысады. . . .

Әрі қарай оқу 
 →

2018 жылғы 24 қазанда Қызылорда облысына Оңтүстік Кореядан «MLS Co. ltd» компаниясының әлеуетті инвесторларының делегациясы іссапармен келді

2018 жылғы 24 қазанда Қызылорда облысына Оңтүстік Кореядан «MLS Co. ltd» компаниясының әлеуетті инвесторларының делегациясы іссапармен келді. Жұмыс сапарының мақсаты өңірдің әлеуетімен танысу, сондай-ақ «жасыл технологиялар» аясындағы жобаларды іске асыру мүмкіндіктерімен танысу. . . .

Әрі қарай оқу 
 →

Ағымдағы жылдың 17 қазанында Қызылорда облысына ресейлік ААҚ «GTL» компаниясының бас директоры Р.Ф. Кадыров және директорлар кеңесінің төрағасы В.А. Лезихин іссапармен келді

Ағымдағы жылдың 17 қазанында Қызылорда облысына ресейлік ААҚ «GTL» компаниясының бас директоры Р.Ф. Кадыров және директорлар кеңесінің төрағасы В.А. Лезихин іссапармен келді. Іссапардың мақсаты – «Өндіріс» индустриялық аймағында «ілеспе мұнай және табиғи газды GTL . . .

Әрі қарай оқу 
 →

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ 7 АЙДА 120 ТОННАДАН АСТАМ АММОНИЙ МЕТАВАНАДАТЫН ЭКСПОРТТАДЫ

Қызылорда облысына инвесторларды тарту және инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі аймақтық кеңес отырысында «Балауса Процессинг Компани» ЖШС-нің «Баласауысқандық кен орнында «Қара тақтатасты автоклавты қайта өңдеу» жобасын іске асыру мәселелері талқыланды. Ағымдағы жылдың 7 айында компания алыс және жақын шет елдерге 120 тоннадан астам аммоний метаванадатын экспорттады. . . .

Әрі қарай оқу 
 →

ЖҰЛДЫЗДЫ ҚАЛАНЫ ЖАҢҒЫРТУ ЖОБАЛАРЫ

Кеше ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин жұмыс сапарымен «Байқоңыр» кешенінде болып, облыс әкімі Қырымбек Көшербаевпен бірге бірқатар нысанды аралады. . . .

Әрі қарай оқу 
 →

ҚЫЗЫЛОРДАДА РЕСЕЙЛІК ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ САРАПШЫЛАР SMART CITY ТҰЖЫРЫМДАМАСЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

«SMART CITY: аймақтың дамуындағы жаңа мүмкіндіктер» атты Ресей және Қазақстан сарапшылары қатысқан «дөңгелек үстелде» Мәскеу, Краснодар, Астана қалаларында іске қосылған «Ақылды қала» тұжырымдамасы бойынша цифрландыру және «SMART CITY Қызылорда» тұжырымдамасын жүзеге асыру мәселелері талқыланды. . . .

Әрі қарай оқу 
 →

Ағымдағы жылдың 26 қыркүйегінде Ресей Астрахань қаласында "Қазақстанда Жасалған"атты екі күндік сауда-өнеркәсіп көрмесі өтті

Ағымдағы жылдың 26 қыркүйегінде Ресей Астрахань қаласында "Қазақстанда Жасалған"атты екі күндік сауда-өнеркәсіп көрмесі өтті. Аталған іс-шараның ұйымдастырушылары Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігі, ҚР Астрахань қаласындағы Консулдығы Қазақстанның сыртқы сауда палатасымен бірлесе отырып. . . .

Әрі қарай оқу 
 →

Ағымдағы жылдың 24 қыркүйегінде облыс әкімі мен "VenkateshwaraGROUP" ("Venkys") Үнді компаниясы өкілдерінің арасында кездесу өтті

Ағымдағы жылдың 24 қыркүйегінде облыс әкімі мен "VenkateshwaraGROUP" ("Venkys") Үнді компаниясы өкілдерінің арасында кездесу өтті. Айта кету керек, "Venkys" тобы - интеграцияланған құс шаруашылығы саласындағы прогрессивті конгломерат. Компания құс шаруашылығы саласындағы пионер болып табылады, ол тауық еті нарығының 90% - ы және Үндістандағы бройлер нарығының 70% - дан астамы бар. . . .

Әрі қарай оқу 
 →

«ҚАЛА КҮНІ» МЕРЕКЕСІ «ЭТНОАУЫЛ» ФЕСТИВАЛІМЕН ЖАЛҒАСТЫ

Бүгін жылдағы дәстүрге сәйкес «Қала күні» мерекесі ақ мол болсын, халықтың несібесі артсын деген ниетпен «Қымыз-шұбат», «Қауын-қарбыз» және «Этноауыл» фестивалімен жалғасты. Шараға Қазақстанның Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіхалықова, облыс әкімі Қырымбек Көшербаев және қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев арнайы қатысып, барша қала тұрғындарын айтулы мерекемен құттықтады. Шара ұйымдастырылған «Сыр сүлейлері» аллеясында қалаға қарасты кент, ауылдық округтердің қаз-қатар орналасқан қараша үйлерінен этноауыл бой түзесе, арнайы тігілген ақ шатырларда қала мейрамханалары ұлттық дастархан мәзірін және шаруа қожалықтары қауын, қарбыз, қымыз, шұбат, бауырсақтарды қала тұрғындары мен қонақтарына тарту етті. . . .

Әрі қарай оқу 
 →

ҚЫЗЫЛОРДАДА СЫРДАРИЯНЫҢ СОЛ ЖАҒАЛАУЫНДАҒЫ АЛҒАШҚЫ НЫСАННЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ

Қызылорданың 200 жылдық мерейтойы қарсаңында қаланың сол жағалауындағы жаңа нысан – «Рухани жаңғыру» орталығы мен қалалық мұражай ғимаратының ашылу салтанаты өтті. Нысан 1925 жылы ұлтқа «қазақ» атауын қайтарып беру туралы тарихи шешім қабылданған Қазақ Орталық Атқару комитеті ғимаратының сызба-нұсқасы негізінде салынған. . . .

Әрі қарай оқу 
 →

ҚЫЗЫЛОРДАДА III ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ИНТЕРНЕТ-ФОРУМЫ ӨТТІ

«Цифрландыру: аймақтардың дамуы үшін жаңа мүмкіндіктер» атты интернет-форумына Ресей, Татарстан, Беларусь, Украина және Қытай сарапшылары мен «Huawei», «Dell», «Сколково» секілді цифрландыру саласының әлемдік жетекші компанияларының өкілдері қатысты. . . .

Әрі қарай оқу 
 →

ҚР премьер-министрі жұмыс сапарымен қызылорда облысына келді

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев бастаған үкіметтік делегация Қызылорда облысына жұмыс сапарымен келді. Делегация құрамында ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің басшысы . . .

Әрі қарай оқу 
 →

2018 жылы Қызылорда облысында 5 инвестициялық жоба іске асады

Жаңа кәсіпорындарда 3,4 мың жұмыс құрылады. Биыл экспортқа бағытталған тағы 4 ірі өнеркәсіп өз жұмысын бастайды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев және Үкімет мүшелеріне "Аралтұз" АҚ жұмысымен танысу барысында облыс әкімінің орынбасары Евгений Ким мәлімдеді. . . .

Әрі қарай оқу 
 →

Қызылордада кальцийлендірілген сода шығаратын зауыт құрылысы басталады

«Аралтұз» АҚ қарасты «АралСода» бірлескен кәсіпорнында 700 жаңа жұмыс орны құрылады. «Аралтұз» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Дәурен Мұқашев ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаев пен Үкімет мүшелері кәсіпорынға барған кезде мәлімдеді . . .

Әрі қарай оқу 
 →