About







«Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» КММ


Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасы

Қызылорда облысы, Кызылорда қ., Айтеке би, 28 көшесі, Тел. (факс)

8 (7242) 70-40-16, эл. пошта: info@kkko.kz

Жұмыс кестесі:

Дүйсенбі-жұма – сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін

Үзіліс – сағат 13.00-ден 15.00-ге дейін

Демалыс күндері – сенбі, жексенбі.


Индустриялық аумақта жер учаскесіне жер пайдалану құқығын табыстау алгоритмі


Индустриялық аумақта жер учаскесіне жер пайдалану құқығын табыстау процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс- қимылдың) мазмұны:

1) жер учаскесін алуға мүдделі тұлға «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 30 наурыздағы № 151 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 13652 болып тіркелген) бекітілген стандартының (бұдан әрі - стандарт) 1-қосымшасына сәйкес өтінішті дайындайды, қол қояды және жергілікті атқарушы органның кеңсесіне стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынады;

2) жергілікті атқарушы органның кеңсе қызметкері мүделі тұлғаға құжаттар топтамасының кеңседе тіркелгені туралы белгі соғылған өтініштің көшірмесін береді және құжаттарды жер саласына жетекшілік жасайтын әкім орынбасарының қарауына ұсынады;

3) жер саласына жетекшілік жасайтын әкімнің орынбасары құжаттарды қарайды және облыстың, ауданның және облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының жер қатынастары саласындағы құрылымдық бөлімшесіне (бұдан әрі – жер мекемесі) жолдайды;

4) жер мекемесі жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсат бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындайды және құжаттарды Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-бабының 2-тармағына сәйкес жергілікті атқарушы органдар құратын комиссияның (бұдан әрі - комиссия) қарауына әзірлейді, тиісті қорытындысын дайындайды;

5) комиссиямен оң қорытынды қабылданған жағдайда, жер мекемесі құжаттарды жерге орналастыру жобасын (бұдан әрі - жоба) әзірлеу үшін мүдделі тұлғаға жолдайды;

6) мүдделі тұлға жобаны жеке немесе заңды тұлғаларға әзірлетеді және «Жер қатынастары, геодезия және картография саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 272 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11050 болып тіркелген) бекітілген «Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекiту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес өтінішті дайындайды, қол қояды және әзірленген жобаны бекіту үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) ұсынады;

7) Мемлекеттік корпорацияның қызметкері мүдделі тұлғаға құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді және құжаттарды жер мекемесіне жолдайды;

8) жер мекемесі жобаның құрамында кемшіліктер болмаған жағдайда, жобаны бекітеді және жобаны бекіту туралы бұйрықты Мемлекеттік корпорацияға жолдайды;

9) Мемлекеттік корпорацияның қызметкері жобаны бекіту туралы бұйрықты мүдделі тұлғаға береді;

10) жер мекемесі бекітілген жобаның негізінде жер учаскесіне жер пайдалану құқығын табыстау туралы қаулының (бұдан әрі - қаулы) жобасын дайындайды және облыс әкімінің қарауына ұсынады;

11) облыс әкімі қаулыға қол қояды және жергілікті атқарушы органның кеңсе қызметкеріне жолдайды;

12) жергілікті атқарушы органның кеңсе қызметкері қаулыны тіркейді және қаулының көшірмесін жер мекемесіне;

13) жер мекемесі қаулының көшірмесі негізінде тиісті шарттың 2 данасын дайындайды, тіркейді және мүдделі тұлғаға ұсынады;

14) мүдделі тұлға шартқа қолы қояды және шарттың бір данасын жер мекемесіне жолдайды;

15) мүдделі тұлға Мемлекеттік корпорация арқылы жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын алу үшін тиісті құжаттарды «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Қызылорда облысы бойынша филиалы – «Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру» департаментіне (бұдан әрі – жер кадастры) жолдайды;

16) жер кадастры жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын дайындайды және Мемлекеттік корпорацияға жолдайды;

17) мүдделі тұлға Мемлекеттік корпорациядан жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын алады және тиісті құжаттарды Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік тіркеуден өткізу үшін әділет органына жолдайды;

18) әділет органы тиісті құжаттарды тіркейді және Мемлекеттік корпорацияға жолдайды;

19) мүдделі тұлға Мемлекеттік корпорациядан мемлекеттік тіркеуден өткен құжаттарды алады.

Қызылорда облысының 2017 жылдың қаңтар-желтоқсан айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы


Өнеркәсіп. 2017 жылдың қаңтар-желтоқсанында облыстың өнеркәсіп кәсіпорындарымен 773,2 млрд. теңгенің өнімі өндірілді.

Сонымен қатар, өңдеу өнеркәсібінде де өсу байқалуда. Жеңіл өнеркәсіп, мұнай өңдеу өнімдерін өндіру, резеңке және пластмасса бұйымдарын, металлургия өнеркәсібі өндірісінің артуы есебінен өңдеу өнеркәсібінде өсім 4,6 пайызға қамтамасыз етілді (109,9 млрд. теңгенің өнімі өндірілді).

Индустрияландыру бағдарламасы аясында 2017 жылы жалпы құны 37,6 млрд.теңгені құрайтын, 284 жұмыс орындары құрылатын «Табақша шыны шығару және өңдеу зауыты құрылысы», «Екіокись молибден ұнтағын үшокись молибденге техникалық айналдыру өндірісін ұйымдастыру» жобаларын жүзеге асыру жұмыстары жүргізілді.

Табақша шыны шығару және өңдеу зауыты құрылысы жобасы бойынша (жоба құны – 36,7 млрд. теңге, қуаттылығы – жылына 197,1 мың тонна, жүзеге асу орны – Қызылорда қаласы, жұмыс орны – 226 адам) есепті кезеңде дайын өнімдер қоймасы мен негізгі цех бойынша құрылыс жұмыстары, сондай-ақ ішкіалаңдық инженерлік желілерді жүргізу жұмыстары жүргізілді. Алайда, қаржылық тапшылыққа байланысты жобаның іске қосылу уақыты 2017 жылдан 2018 жылға ауыстырылды.

Екіокись молибден ұнтағын үшокись молибденге техникалық айналдыру өндірісін ұйымдастыру жобасы бойынша (жоба құны – 871,5 млн. теңге, қуаттылығы – жылына 500 тонна үшокись молибден өндіру, жүзеге асу орны – Қызылорда қаласы, жұмыс орны – 58 адам) 2017 жылы зауыттың технологиялық жабдықтың бірінші линиясына сынақ жұмыстары аяқталып және екінші линиясына құрал-жабдықтар сатып алу жұмыстары жүргізілді. Аталған жобаның құрылыс монтаждау жұмыстарын жүргізу мерзімінің ұзартылуына байланысты жобаны іске қосу уақыты 2017 жылдан 2018 жылға ауыстырылды.

Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 241,5 млрд. теңгені құрады немесе 2016 жылдың осы кезеңіне 106,5 пайыз.

Құрылыс жұмыстардың көлемі 72,1 млрд. теңгені құрады немесе 2016 жылдың осы кезеңіне 110,8 пайыз.

612,3 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді немесе 2016 жылдың тиісті кезеңіне 112,6 пайыз.

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 86,1 млрд.теңгені құрады немесе 2016 жылдың сәйкес мерзіміне 104,1 пайыз.

Есепті кезеңде 35,0 мың тонна тірілей салмақтағы мал және құс еті (102,6%), 84,7 мың тонна сиыр сүті (101,3%), 6,7 млн. дана жұмыртқа (118,1%) өндірілді.

Көлік. 2017 жылдың қаңтар-желтоқсанында 2016 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда жүк тасымалдау көлемі 0,2 пайызға өсіп, 104,5 млн. тонна жүкті құрады. Жүк айналым көлемі 2016 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 0,1 пайызға өсіп, 13 898,3 млн. тонна шақырымды құрады.

Автокөлік кәсіпорындарымен 367,5 млн.жолаушы тасымалданды немесе 2016 жылдың тиісті кезеңіне 100,1 пайыз. Жолаушылар айналымы осы кезеңде 9,0 пайызға өсіп 6 528,7 млн. жолаушы шақырымға жетті.

Әлеуметтік сала. Жұмыссыздық деңгейі 4,8 пайызды құрады (2017 жылдың 3-ші тоқсанына).

23 357 адам жұмыспен қамтылды, оның ішінде тұрақты жұмыспен 13 987 адам, жергілікті бюджет есебінен төленетін қоғамдық жұмыстарға 6 323 адам, жастар тәжірбиесімен 1 803 адам, әлеуметтік жұмыстарға 1 244 адам жіберілді.

2017 жылдың қаңтар-желтоқсанында 13 105 жаңа жұмыс орындары құрылды, оның ішінде 11 561 тұрақты.

2017 жылдың қаңтар-қыркүйегінде бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 121 111 теңгені құрады, яғни 2016 жылдың тиісті кезеңіне 4,4 пайызға өскен.

Тұтыну бағаларының индексі 2017 жылдың желтоқсан айында 2016 жылдың желтоқсанына қарағанда 106,6 пайызды құрады, оның ішінде азық-түлік тауарларына баға индексі 106,6 пайыз, азық-түлік емес тауарларға – 108,9 пайыз, ақылы қызметке – 104,4 пайыз.

Қаржылық жағдай. Мемлекеттік бюджетке 104 672,4 млн. теңге салықтар және басқа да міндетті төлемдерден түсім түсті немесе болжамға 102,7 пайыз. Оның ішінде республикалық бюджетке 59 048 млн. теңге түсті (болжамға 101,7 пайыз), жергілікті бюджетке 45 624,4 млн. теңге (болжамға 104,1 пайыз).

Демалыс орындары


Мәдени орталар

Қонақ үйлер

Ірі сауда орталықтары

Қызылорда қаласы бойынша қызмет көрсететін таксилер тізімі

Медициналық орталықтар

Туристік фирмалар