About







Индустриялық аймақтар бойынша ақпарат

Облыс бойынша, Қызылорда қаласы мен барлық 7 ауданда, яғни барлығы 8 индустриялық аймақ құру үшін жалпы көлемі 940,9 га жер телімі бөлінген.

Қазіргі таңда, бюджет қаражаты есебінен сыртқы инженерлік-инфрақұрылым жеткізілген 6 индустриялық аймақ жұмыс жасауда. Онда жалпы құны 192 млрд.теңге құрайтын, мемлекеттік қолдау шараларын алған (индустриялық аймақтан жер телімін аукционсыз 5 жыл мерзімге жалға алу, сатып алу құқығы және мемлекет бюджетінен жеткізілген инжененрлік- инфрақұрылым) 36 жобаның іске асырылуы жоспарлануда.

Жалпы индустриялық аймақтарды инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету үшін 7 млрд.теңгеге жуық қаржы бөлініп, электр, газ, су, телекоммуникация, тас жолы желіліері жеткізілген. Қызылорда қаласы индустриялық аймаққа теміржол тұйығы ү.ж. тамыз айында жеткізілетін болады.

Бүгінгі күні құны 1,2 млрд.теңге құрайтын 14 жоба іске асырылып, 271 жұмыс орыны ашылған. Бұл жобалар арқылы 2017 жылы 654 млн.теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылмен салыстырғанда 2,2 есеге өскен (2016 ж – 290 млн.теңге).

2018 жылы индустриялық аймақтарда орналасқан жалпы құны 101 млрд.теңге құрайтын 5 жобаның іске қосылуы жоспарлануда. Бұл жобалар толық қуаттылыққа шыққанда 560 аса жаңа жұмыс орындары құрылатын болады.